Шетелде емделуге жіберілетін аурулар тізбесі:
1. Ми тіндерінің хирургиялық қолжетімсіз аймақтарында орналасқан артериовеноздық мальформациялар мен ісіктер.
2. Ми бағанының, жұлынның артериовеноздық мальформациялары және эндоваскулярлық емді қажет ететін артериялық аневризмалар.
3. Бас негізі ісіктері (трансоральды жолмен алып тастау қажет болғанда).
4. Көздің қатерлі ісіктері (гамма-пышақ немесе радиоактивті аппликаторлармен радиохирургиялық ем).
5. Кератопротездеу.
6. Ересектер мен балалардың гемопоэздік дің жасушаларын аутологиялық және туыстық транспланттауды қоспағанда, тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауды талап ететін аурулар, Қазақстан Республикасында талап етілетін технологиялардың болмауына байланысты емдеудің осы әдістемесі орындалмайтын аурулардан басқа, сондай-ақ мөлдір қабықты транспланттау.
7. Көмейдің стеноздары.
8. Трахеяның стеноздары.
9. Lu (лютеций) 177 изотопымен радионуклидтік терапиямен нейроэндокриндік ісіктер.
Сондай ақ мемлекет есебінен шетелге емделуге Қазақстан Республикасы азаматтарының мынадай жекелеген санаттары жіберіледі: 1. Қазақстан Республикасында жүргізілмейтін жоғары технологиялық медициналық көмекке айғақтар болған кезде 18 жасқа дейінгі балалар. 2. Ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасында жүргізілмейтін жоғары технологиялық медициналық көмекке айғақтар болған кезде қызметтік міндеттерін атқару кезінде ауыр жарақат алған және мертіккен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қызметшілері.