Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) туристердің жүру бағыттары туралы аумақтық бөлімшелерде мәліметтердің болмауына байланысты оларды іздеу кезінде көп мөлшерде ресурстар мен уақыт жұмсалады.
Таулы жерлерде, төмен температурада, жауын-шашын және басқа да күрделі климаттық жағдайларда әрекет ету уақыты адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей әсер ететін негізгі фактор болып табылады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 2025 жылғы 27 тамызда № 363 бұйрығын қабылдады:
«Өмірге қауіп төндіретін тәуекелмен байланысты қиын жететін жерлердің, су, тау және спелеологиялық нысандардың тізбесін және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарын хабардар ету қағидаларын бекіту туралы». Бұл бұйрық ҚР Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 тамызда № 36696 тіркелді.
Аталған бұйрықпен Өмірге қауіп төндіретін тәуекелмен байланысты қиын жететін жерлердің, су, тау және спелеологиялық нысандардың тізбесі, Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарын туристік бағыттар туралы хабардар ету қағидалары бекітілді.
Қағидалар туристік сапарға шығатын жеке тұлғалардың осындай қауіп-қатері жоғары аумақтар бойынша жүру бағыттары туралы аумақтық органдарға хабарлау тәртібін айқындайды.
Туристік сапар алдында жеке тұлғалар аумақтық органды келесі тәсілдердің бірімен хабардар етуге міндетті:
«eQonaq» ақпараттық жүйесінде және оның мобильді қосымшасында;
Аумақтық органның ресми сайтында көрсетілген электрондық пошта мекенжайы арқылы;
112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің телефоны арқылы.
Хабарламада келесі мәліметтер көрсетілуі керек:
1. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және байланыс деректері. Егер сапар топпен жүзеге асырылса, топ мүшелерінің аты-жөні, саны және байланыс деректері көрсетіледі.
2. Маршрутқа шығу және оралу жоспарланған күні мен уақыты.
3. Бағыт туралы мәліметтер (басталу және аяқталу орны, ұзақтығы, түнейтін және демалатын орындар).
4. Алғашқы көмек көрсету құралдарының, байланыс құралдарының, зарядтау құрылғылары мен сигнал беру құралдарының болуы.
5. Қолданылатын көлік құралдары (бар болса).
6. Қосымша ақпарат (бар болса).