«Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII) құтқарушылардың шығу жасы 63 жас деңгейінде белгіленген.
Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес» (2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V) 52-баптың 1-тармағының 24-тармақшасына сәйкес жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзудың негізі жұмыскердің Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толған болып табылады.
Жедел-құтқару жасақтары құтқарушыларының жұмыс жағдайлары экстремалды болып табылады, олар өмір мен денсаулық үшін тұрақты қауіп-қатерлермен, ауыр физикалық және психоэмоционалды жүктемелермен байланысты екендігі атап өтілді, бұл ретте адамдардың өмірін құтқару, ТЖ жою және экстремалды жағдайларда дұрыс шешімдер қабылдау бойынша жұмыста белгілі бір кәсіби тәжірибесі бар құтқарушылар жас ұрпақты кәсіптік дағдыларға оқыту мақсатында, практикалық және теориялық іс-шаралар өткізеді (өткізу жоспарына сәйкес).
Жалпы алғанда егде жас санатындағы құтқарушылар ауыр дене жүктемесімен байланысты емес лауазымдарды атқарады, олар құтқару бөлімшелерінің жекелеген басшылары, «Автокөлікке, жүзу құралдары мен жабдықтарына, кезекші-диспетчерлік бөлімшеге қызмет көрсету жөніндегі топтың» бас құтқарушылары мен құтқарушылары, сондай-ақ құжаттаманы жүргізу.
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес қолданыстағы жүйе құтқарушылардың еңбек өтілін, ерекше жағдайлар үшін қосымша ақыларды және күту режимінде болғаны және авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға шығуға тұрақты дайындығы үшін үстемеақыларды есепке ала отырып, құқық қорғау органдарына жаңадан қабылданған қызметкерлердің жалақысынан жоғары төленетінін бір уақытта хабарлаймыз.
Оның үстіне үстемеақылар мен қосымша ақылар құтқарушыларды күрделі жағдайларда (ТЖ аймағында, қоршаған ортаның қолайсыз температурасында жұмыс істегені, қаза тапқандардың денелерімен жұмыс істегені, сүңгуірлік түсулер және т. б.), оның ішінде резерв құрамында жұмыс уақытынан тыс кезекшілік кезінде (су айдындарында кезекшілік, АҚЖ кезінде) АҚЖ-ға тартуға ынталандырады.
Бұл ретте бұрын ТЖ министрлігі құтқарушылардың зейнеткерлік жасын төмендету мақсатында қызметкерлердің шекті жасы (48 жас) және еңбек сіңірген жылдары (25 жас) бойынша зейнетке шығуына мүмкіндік беретін құтқарушыларды (азаматтық қызметшілерді) арнаулы атақтары бар қызметкерлер санатына ауыстыру мәселесін қарады.
«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңға сәйкес денсаулық жағдайы мен дене бітімінің дамуы, білім деңгейі бойынша 35 жастан аспаған, өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерді орындауға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары құқық қорғау органдарына қызметке қабылданады.
Сонымен қатар қайта аттестаттаудың алдын ала талдауы белгілі бір жағымсыз салдарды, оның ішінде әлеуметтік қауіп-қатерлерді көрсетеді.
Бірінші. Білікті кадрлардың кетуі.
Екінші. Зейнетақы төлемдеріне байланысты республикалық бюджетке түсетін жүктеме.
Үшінші. Ұрпақтар сабақтастығының болмауы.
Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып ТЖ министрлігінде құтқарушыларды әлеуметтік қамтамасыз етуге қатысты тұрақты негізде жұмыс жүргізуде (жалақыны көтеру, нысанды киім-кешекпен, жаңа техникамен және жабдықтармен қамтамасыз ету, жаңа құтқару бөлімшелерін салу және т.б.).
Құтқарушыларды арнаулы атақтары бар қызметкерлер санатына ауыстыру мәселесін ТЖМ уақыт өткеннен кейін қарау орынды деп санайды.
https://adilet.zan.kz/rus/docs/K2300000224