«Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығымен бекітілген Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
Қағидалардың 6-тармағына сәйкес заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы келесі құжаттарды жолдайды:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) құрамында өкілдер, дайындаушының, әзірлеушінің, сынақтар жүргізілетін ұйымның, аттестатталған (сараптама) ұйымның және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өкілдері бар комиссия жүргізген тәжірибелік партияның бақылау және қабылдау сынақтары актісінің электрондық көшірмесі;
3) жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде:
жер бетінде жарылыс жұмыстарын жүргізу орны, қауіпті аймақ шекарасы, қауіпті аймақты күзету бекеттерін және оның шегіндегі тұрғын және өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, темір жолдарды, автомобиль жолдарын, арналарды, құбырларды, электр беру желілерін қою орындары көрсетілген жергілікті жердің жоспары бар электрондық құжат;
жер асты жағдайларында жарылыс жұмыстарын жүргізу орнын, қауіпті аймақтың шекарасын, қауіпті аймақты қорғау бекеттерін қою орнын көрсете отырып, тау-кен жұмыстарының жоспарын, сондай-ақ шахтаның (кеніштің, геологиялық барлау жұмыстары объектісінің) газ бен шаң бойынша қауіптілігі туралы мәліметтерді қамтитын электрондық құжат.
Жарылғыш материалдарды пайдалана отырып сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс бейіндері мен қауіпті аймақты қорғау схемалары бар электрондық құжат ұсынылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі құжаттар тізбесі Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында баяндалған.