Чилиден рапстың тәжірибелік тұқымдарын әкелу үшін Қазақстанның карантин қызметі қандай құжаттарды талап етеді? Чилиден рапстың коммерциялық гибридтерін әкелу үшін Иста (ISTA) сертификаты талап етіле ме?
«Еуразиялық экономикалық одақта өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 шешіміне сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында карантиндік фитосанитарлық бақылауға (қадағалауға) жататын карантинге жатқызылған өнімдердің (карантинге жатқызылған жүктердің, материалдардың, тауарлардың) тізбесі бекітілген. Аталған тізбеге сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясы, соның ішінде тұқымдық материал өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті орган тарапынан карантиндік фитосанитарлық бақылау мен қадағалауға жатады. «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344 Заңының 13-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына мыналарды әкелуге тыйым салынады: Экспорттаушы елдердің ұлттық карантин қызметтерінің фитосанитарлық сертификаттары жоқ фитосанитарлық қауіптілігі жоғары карантинге жатқызылған өнімді; Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай карантиндік фитосанитарлық талаптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, карантиндік объектілермен және бөгде түрлермен зарарланған карантинге жатқызылған өнімді; Топырақты, карантиндік объектілердің таралу ошақтары бар аймақтардан, өндіріс орындарынан және (немесе) учаскелерінен топырағы бар тірі тамырланған өсімдіктерді; Өсімдік ауруларының қоздырғыштарын – тірі саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар культураларын, сондай-ақ өсімдіктерге зиян келтіретін жәндіктерді, кенелерді, нематодтарды, карантиндік арамшөптердің тұқымдарын (уәкілетті органмен келісім бойынша ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін әкелінетін үлгілерді қоспағанда); Оларға қатысты уақытша карантиндік фитосанитарлық шаралар енгізілген карантинге жатқызылған өнімді. Осылайша, жоғарыда айтылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде карантинге жатқызылған өнім фитосанитарлық сертификатпен бірге жүруі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 131 бұйрығының талаптарына сәйкес келуі тиіс.