Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

    Министерство осуществляет руководство, межотраслевую координацию разработки и реализации государственной политики в сфере сельского, лесного, рыбного и охотничьего хозяйства, особо охраняемых природных территорий, управления водными ресурсами, ресурсами растительного и животного мира республики, в области сельскохозяйственного машиностроения, ветеринарии, фитосанитарии, племенного животноводства, мелиорации, ирригации и дренажа, обрабатывающей промышленности в части производства пищевых продуктов, включая напитки, табачных изделий, кожи (дубление и отделка), хлопка - волокна и переработки шерсти, зернового рынка, координацию и регулирование деятельности его участников, управление государственными ресурсами зерна, а также контроль за ее осуществлением.

    Министрлік туралы

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешен, суармалы егіншілік және мелиорация, жер ресурстары салаларында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте өзінің құзыретіне кіретін қызмет саласында мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ашу

    Биылғы жылдың басынан бері ҚХР шекарасында 113 тоннадан астам бақылаудағы өнімнің заңсыз әкелінуінің жолы кесілді

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
    Ашу

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
    Ашу

    Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Женевадағы форумда Қазақстанның агроэкспорттық әлеуетін көрсетті

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
    Ашу

    Мал шаруашылығы қызметкерлері күні: сала қарқынды дамып, экспорттық әлеуеті артуда

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
    Ашу

    Түркістан облысында пияз жинау науқаны басталып, қырыққабат жинауға дайындық қолға алынуда

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
    Ашу

    Елімізде ірі ірімшік зауытын салу үшін Ирандық Solico Group компаниясынан 35,2 млрд теңге инвестиция тартылды

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
    ОтырысАяқталды

    «FOC 2026» халықаралық конференциясында май өнімдері нарығы мен агроөнеркәсіп кешенінің негізгі басымдықтарына назар аударылады

    Астанада 5 маусым күні «FOC 2026: Fats and Oils Conference» атты бесінші мерейтойлық халықаралық май өнімдері конференциясы өтеді. Іс-шараға қатысатын 330-дан астам делегат нарықтағы негізгі үрдістерді, жүйелі сын-қатерлерді, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені мен халықаралық сауда дамуындағы басымлықтарды ортаға салады. Ұйымдастырушы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының қолдауымен «Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі. Конференцияға еліміздегі 50-ден астам май өңдеу зауытының басшылары, салалық министрліктердің өкілдері, қаржы институттары, ірі агрохолдингтер, логистикалық компаниялар мен талдау агенттіктері, сондай-ақ майлы дақылдарды сақтау және өңдеу жабдықтарын жеткізушілер мен өнім импорттаушылары қатысады. Қатысушылар ауқымы сондай-ақ АҚШ, Қытай, Еуропа елдері, Балтық мемлекеттері, Таяу Шығыс және Орталық Азияны қоса алғанда, 18 елді қамтиды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда май өнімдерінің өндірісі мен экспорты ең жоғары тарихи нәтижеге қол жеткізді. Мәселен, өндіріс көлемі 1,57 млн тоннадан асты, экспорттан түскен валюталық түсім 963 млн АҚШ долларын құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда төрт есе жоғары (240 млн АҚШ доллары). Аталған сала Қазақстан экономикасының өсімі мен шикізаттық емес экспортын дамытудағы негізгі қозғаушы күштің бірі. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша бұл сектор елдің қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының валюталық түсімінің 27%-ын қамтамасыз етті. 2025 жылы күнбағыс майын өндіру көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 2,3 есе өсіп, 752 мың тоннадан асты. Сонымен қатар соңғы төрт жылда (2022–2025 жж.) ішкі нарықтағы аталған өнім импортының орташа үлесі екі есе қысқарып, 18%-ға дейін төмендеді. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2015–2021 жылдары импорт үлесі шамамен 39%-ды құраған. Қазіргі таңда қазақстандық май өнімдері әлемнің 20-дан астам еліне экспортталады. Негізгі сатып алушылар қатарында Қытай, Орталық Азия мемлекеттері, Еуропалық одақ елдері (Германия, Италия, Дания, Польша, Швеция, Норвегия және Балтық елдері), сондай-ақ Ауғанстан мен Иран бар. Былтыр Қазақстан күнбағыс майын экспорттау көлемі бойынша әлемде 6-орынға, ал Қытай нарығында 2-орынға ие болды. Сонымен қатар республика Өзбекстан мен Тәжікстанға өсімдік майларын жеткіз бағытында көш бастап тұр (нарықтағы үлесі 90%-дан жоғары), Орталық Азияның күнбағыс күнжарасына деген сұранысын толық қамтамасыз етеді және Еуропалық одаққа жеткізуші жетекші үш елдің қатарына кіреді. Саланың әлеуетін одан әрі арттыру мақсатында Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы 2026–2028 жылдарға арналған экспортты дамыту жөніндегі Жол картасын әзірледі. Құжат Халықаралық сауда орталығының (ITC) әдістемесі мен техникалық қолдауы негізінде және Еуропалық одақ қаржыландыратын «Ready4Trade Орталық Азия» жобасы аясында «QazTrade» ұйымының ұйымдастыруымен дайындалды. Жол картасын іске асыру нәтижесінде 2028 жылға қарай экспорттан түсетін валюталық түсімді 60%-ға көбейтіп, 1,5 млрд АҚШ долларына жеткізу жоспарланып отыр. Бұл Қазақстанның күнбағыс майын жеткізуші әлемдегі жетекші төрт елдің қатарына енуіне мүмкіндік береді. Алдағы стратегиялық мақсат – Қазақстанды күнбағыс майын экспорттайтын әлемнің үздік үш мемлекетінің қатарына қосу.

    ОтырысАяқталды

    Қазақстанда етті мал шаруашылығын дамытуға арналған форум өтеді

    Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өнімділікті арттыруға, қайта өңдеуді дамытуға және экспорттық әлеуетті кеңейтуге бағытталған мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын әзірледі. Құжат етті мал шаруашылығын жүйелі дамытуға, нарық қатысушылары арасындағы өзара ықпалдастықты күшейтуге және бәсекеге қабілетті өнімді сыртқы нарықтарға шығару үшін қолайлы жағдай жасауға арналған. Оған қажетті алғышарттар жеткілікті. Біздің еліміз ірі қара малдың көптігі мен негізгі өткізу нарықтарына жедел логистиканы қамтамасыз ететін тиімді географиялық орналасуының арқасында ет өндірісін дамытуда елеулі әлеуетке ие. Оны барынша тиімді пайдалану қайта өңдеуді жетілдіруді, өндіріс тиімділігін арттыруды, заманауи стандарттарды енгізуді және сала қатысушылары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды талап етеді. Бұл мәселеге уәкілетті мемлекеттік органдар баса назар аударып келеді. Осы орайда биыл 14–15 ақпанда өтетін Dala.Camp Forum 2026 аясында осы тақырып жан-жақты талқыланады. Форум «Қазақстанның ет индустриясындағы ірі қара: Болашақтың жол картасы» тақырыбымен өтеді. Оған мемлекеттік органдардың, агробизнес құрылымдарының, салалық қауымдастықтардың өкілдері, инвесторлар мен сарапшылар қатысады. Форумға Қазақстаннан, Орталық Азия елдерінен, Америка Құрама Штаттарынан, Бразилиядан, Еуропа мемлекеттерінен, Біріккен Араб Әмірліктерінен және Түркиядан 150 делегаттың қатысуы жоспарланған. Олардың қатарында Жануарлар денсаулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйым, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы, Қазақстан мал өсірушілер одағы, тұқымдық бағыттағы салалық палаталар, Qazaqstan Investment Corporation, iGPS және агроөнеркәсіп кешеніндегі ірі компаниялар бар. Форумның алғашқы күні Қазақстанның жаһандық ет нарығындағы орны, экспорттық басымдықтар, мемлекеттік қолдау тетіктері, халықаралық ветеринариялық талаптар және инвестициялық мүмкіндіктер қарастырылады. Келесі күні шаруашылықтардың тиімділігін арттыру, қаржылық модельдеу, цифрландыру және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің басқарушылық құзыреттерін дамыту мәселелері талқыланады. Форум бағдарламасы аясында мал шаруашылығы мен оған жақын салалардағы инвестициялық жобалардың таныстырылым сессиясы болады деп күтілуде.

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Чилиден рапстың тәжірибелік тұқымдарын әкелу үшін Қазақстанның карантин қызметі қандай құжаттарды талап етеді? Чилиден рапстың коммерциялық гибридтерін әкелу үшін Иста (ISTA) сертификаты талап етіле ме?

    Жауап

    «Еуразиялық экономикалық одақта өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 шешіміне сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында карантиндік фитосанитарлық бақылауға (қадағалауға) жататын карантинге жатқызылған өнімдердің (карантинге жатқызылған жүктердің, материалдардың, тауарлардың) тізбесі бекітілген. Аталған тізбеге сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясы, соның ішінде тұқымдық материал өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті орган тарапынан карантиндік фитосанитарлық бақылау мен қадағалауға жатады. «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344 Заңының 13-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына мыналарды әкелуге тыйым салынады: Экспорттаушы елдердің ұлттық карантин қызметтерінің фитосанитарлық сертификаттары жоқ фитосанитарлық қауіптілігі жоғары карантинге жатқызылған өнімді; Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай карантиндік фитосанитарлық талаптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, карантиндік объектілермен және бөгде түрлермен зарарланған карантинге жатқызылған өнімді; Топырақты, карантиндік объектілердің таралу ошақтары бар аймақтардан, өндіріс орындарынан және (немесе) учаскелерінен топырағы бар тірі тамырланған өсімдіктерді; Өсімдік ауруларының қоздырғыштарын – тірі саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар культураларын, сондай-ақ өсімдіктерге зиян келтіретін жәндіктерді, кенелерді, нематодтарды, карантиндік арамшөптердің тұқымдарын (уәкілетті органмен келісім бойынша ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін әкелінетін үлгілерді қоспағанда); Оларға қатысты уақытша карантиндік фитосанитарлық шаралар енгізілген карантинге жатқызылған өнімді. Осылайша, жоғарыда айтылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде карантинге жатқызылған өнім фитосанитарлық сертификатпен бірге жүруі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 131 бұйрығының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

    Сұрақ

    Биологиялық препаратты тіркеу рәсімі бойынша ақпарат беру

    Жауап

    Өсімдік қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес биологиялық препараттар пестицидтер ретінде жіктеледі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығымен бекітілген Пестицидтерді тіркеу (шағын учаскелік және өндірістік) сынақтарын өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес мемлекеттік тіркелуге тиіс. Пестицидтерді тіркеуді Комитет «Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), пестицидті, қауіптілігі төмен биологиялық препаратты уақытша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) шеңберінде «Е-лицензиялау» МДБ АЖ порталы арқылы жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде жүзеге асырады. Қағидалардың 37-тармағына сәйкес, шағын учаскелік және өндірістік сынақтар, биологиялық, шаруашылық, токсикологиялық-гигиеналық және экологиялық бағалаулар жүргізілген, тіркеу досьесі алынған және қоршаған ортаны қорғау мен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімі алынған пестицидтер мемлекеттік тіркелуге тиіс. Биологиялық заттар негізіндегі пестицидтерді тіркеу процесі 12 ай бойы (бір толық вегетациялық кезең) жүреді. Пестицидке берілетін тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі 10 (он) жылды құрайды. Қолданылу мерзімі өткеннен кейін пестицидті қайта тіркеу Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Пестицидтердің шағын учаскелік және өндірістік сынақтарын бекітілген жоспарларға сәйкес аккредиттелген орындаушы ұйымдар жүргізеді, бұл ретте оларды өткізу шығындарын тіркеуші (өтініш беруші) төлейді. Тіркеу сынақтарын орындаушы ұйымдардың тізбесін Комитет жыл сайын олардан түсетін өтінім-хаттар негізінде қалыптастырады. Сонымен қатар, пестицидтерді мемлекеттік тіркеуге қойылатын талаптар, соның ішінде процестің сипаттамасы, тіркеу куәлігін беру нысаны, мазмұны мен тәртібі, сондай-ақ өзге де мәліметтер Қағидаларда және Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (жоғарыда аталған Қағидаларға 11-қосымша) баяндалғанын хабарлаймыз.

    Сұрақ

    Қытайға өсімдік шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде майлы дақылдарды экспорттауға өтінім беру және рұқсат алу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің толық тізбесін нақтылауыңызды сұраймын

    Жауап

    Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасының (бұдан әрі – ҚХР БКБ) Тізіліміне (Реестріне) ену және өсімдік шаруашылығы өнімдерін экспорттауға рұқсат алу үшін қытай тарапының талаптарына сәйкес бірнеше процедураларды орындау қажет. Қазақстандық кәсіпорындар өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірілетін және сақталатын жері бойынша құзыретті уәкілетті органға (Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекцияларына) мынадай мақсаттарда жүгінуі қажет: Кәсіпорынды ҚХР БКБ Тізіліміне енгізу туралы өтініш беру; Кәсіпкер мәлімдеген ақпараттың сәйкестігіне кәсіпорынды алдын ала инспекциялау процедурасынан өту; Орыс және ағылшын тілдеріндегі сауалнаманы (анкетаны) толтыру және ұсыну. Бұдан әрі Министрлік қазақстандық кәсіпорындардың тізімін тіркеу үшін қытай тарапына жолдайды. Ұсынылған тізімді қарау нәтижелері бойынша, қытай тарапы ҚХР БКБ ресми сайтында қазақстандық кәсіпорындардың жаңартылған Тізілімін жариялайды. Сонымен қатар, 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 18/358 «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін ҚХР-ға экспорттауды ашу жөніндегі кеңес хаттамасына» сәйкес, мақсары, күнбағыс және зығыр бойынша экспорттаушылардан өтінімдер қабылдау үш айда (тоқсанда) бір рет жүзеге асырылатынын атап өтеміз.Өсімдік шаруашылығы өнімдерін ҚХР-да тіркеу үшін өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың қараша айында жүргізіледі.Өз кезегінде, қазақстандық компанияларды ҚХР БКБ кәсіпорындарының Тізіліміне тіркеу бойынша барлық ақпаратты ҚР АШМ-нің www.gov.kz сайтынан еркін қолжетімділікте қарауға болады (АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитеті бөлімі – Қызмет бағыты – «Қытай» папкасы).

    Сұрақ

    Қой шаруашылығында қандай субсидиялау түрлері бар?

    Жауап

    Субсидияларды беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығы). Қой шаруашылығы аясында келесі субсидиялау бағыттары қарастырылған: Асыл тұқымды қой басын сатып алу (бір басына): Отандық – 26 000 тг Импортталған – 52 000 тг Импортталған асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар – 260 000 тг Асыл тұқымды ұсақ малдың төлін өсіру шығындарын арзандату (бір басына) – 4 000 тг Бордақылау алаңдарына бордақылауға немесе ет өңдеу кәсіпорындарына союға өткізілген ұсақ малдың еркек дарағының құнын арзандату – 3 000 тг Бордақылау алаңдарына бордақылауға немесе ет өңдеу кәсіпорындарына союға өткізілген ұсақ малдың еркек дарағының құнын арзандату (маусымдық жеткізілімдер) – 7 000 тг Қой эмбриондарын сатып алу құнын арзандату (бір дана) – 80 000 тг Асыл тұқымдық орталықтардың, асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлік орталықтардың және ұрықтандырушы-техниктердің тауар өндірушілердің және ауыл шаруашылығы кооперативтеріндегі аналық қой басын қолдан ұрықтандыру бойынша көрсеткен қызметтерінің құнын субсидиялау (Ұрықтандырылған бас/шағылыстыру маусымы) – 1 500 тг Қайта өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүннің құнын арзандату: Сапаның 60 басталатын жүн – 200 тг/кг Сапаның 50 басталатын жүн – 150 тг/кг Қайта өңдеуге өткізілген қылшық және жартылай қылшық жүннің құнын арзандату – 25 тг/кг Сонымен қатар, субсидиялар бекітілген талаптар мен критерийлерді орындаған жағдайда, және өтінімдерді мемлекеттік субсидиялау ақпараттық жүйесі (ГИСС) арқылы белгіленген тәртіппен бергенде ғана беріледі. Сонымен бірге, субсидиялаудың толық ережелерімен танысуға болады: «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары».

    Сұрақ

    Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар неліктен уақытылы төленбейді?

    Жауап

    Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығы) сәйкес субсидия көлемі тиісті айға арналған қаржыландыру жоспарында көзделген бюджеттік қаражат көлемінен асқан жағдайда, мұндай өтінімдер бойынша субсидияларды төлеу өтінімдердің келіп түскен күніне сәйкес кезектілік тәртібімен келесі айда жүзеге асырылады. Ағымдағы қаржы жылында өтінімдерді қанағаттандыру үшін бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, субсидия алуға мақұлданған өтінімдер қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде және (немесе) қаражатты субсидия түрлері арасында қайта бөлу есебінен төленеді. Ал ағымдағы қаржы жылында қосымша бюджет қаражаты бөлінбеген жағдайда, күту тізіміне енгізілген өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу келесі қаржы жылында (жылдарында) жүзеге асырылады.

    Сұрақ

    ЕО-дан Қазақстан Республикасының аумағына ірі қара малға арналған жемшөп қоспаларын әкелу бойынша түсініктеме сұрау

    Жауап

    «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында ветеринариялық препараттарды және жемшөп қоспаларын өндіруге, әкелуге, өткізуге және пайдалануға, сандық сынақтарды жүргізу үшін қажетті өндіру, әкелу жағдайларын қоспағанда, оларды мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының 18 маусымдағы № 210 шешімімен бекітілген «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ереженің» 3.13-тармағына сәйкес (бұдан әрі - № 21). Ереже), ветеринарияда қолдануға арналған жемшөп қоспаларын Одақтың кедендік аумағына әкелу, тасымалдау (тасымалдау) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары тіркеген жағдайда жүзеге асырылады. Мүше мемлекеттер ветеринариялық мақсаттағы жемшөп қоспаларын тіркеу нәтижелерін өзара мойындайды. Одақтың кедендік аумағына әкелуге және ветеринариялық мақсатта химиялық және микробиологиялық жолмен синтезделген жемшөп қоспаларын бір мүше мемлекеттен екіншісіне тасымалдауға (тасымалдауға) ветеринариялық сертификатсыз рұқсат етіледі, олар өндірушінің өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжатымен қоса беріледі. Сондықтан ірі қара малға арналған жемшөп қоспасын импорттау үшін Қазақстан Республикасында немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде мемлекеттік тіркеуден өту қажет. Мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы №7-1/31 бұйрығымен бекітілген «Ветеринариялық препараттарды және жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеу қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады. Өніміңізге мемлекеттік тіркеуден өту үшін сіз жаңа ветеринариялық препаратқа нормативтік-техникалық құжаттаманың рұқсатын алуыңыз керек және өніміңізді мақұлдау немесе тіркеу сынауынан өтуіңіз керек. жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы бекіту Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 2 қарашадағы № 7-1/625 бұйрығымен бекітілген «Жаңа және жетілдірілген ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы бекіту қағидалары» негізінде жүзеге асырылады. Сіздің өніміңізді мақұлдау және тіркеу сынағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 7-1/611 бұйрығымен бекітілген «Ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын бекіту және тіркеу сынақтарын жүргізу қағидалары» негізінде жүзеге асырылады. Ереженің 5.2 тармағына сәйкес экспорттаушы импорттаушы елдің ветеринариялық заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті. Бұл ретте Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген «Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың» 35-тарауы (бұдан әрі – Бірыңғай ветеринариялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптар) Талаптар) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және/немесе мүше мемлекеттер арасында тасымалдауға рұқсат етілетін жануарлардың жұқпалы аурулары жоқ фермалардан шыққан жануарлардан алынатын шикізаттан өндірілген жемшөп пен жемшөп қоспаларын: - ірі қара малдың губка тәріздес энцефалопатиясы және қой скрапиясы – ХЭБ Кодексінің талаптарына сәйкес республика аумағында; - шошқаның африкалық обасы – ел аумағында немесе аудандастыруға сәйкес әкімшілік аумақта 3 жылға; - жылқы обасы, тері зиянкестері – соңғы 24 ай ішінде аудандастыруға сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта; - шошқаның классикалық обасы – республикада немесе аудандастыруға сәйкес әкімшілік аумақта соңғы 12 ай ішінде оларда соңғы үш айдан кем емес уақыт сақталды; - қой-ешкінің шешек ауруы – соңғы 6 ай ішінде шаруашылық аумағында; - сібір жарасы – шаруашылық аумағында соңғы 20 күн ішінде; - жылқы тұмауы – соңғы 21 күн ішінде республика аумағында, аудандастыруға сәйкес әкімшілік аумақта немесе вирустың инактивациялануын қамтамасыз ететіндей емделген; - құс тұмауы - соңғы 12 ай ішінде шаруашылықтың аумағында болған немесе соңғы 21 күн ішінде осындай шаруашылықтың аумағында сақталған немесе вирустың инактивациясын қамтамасыз ететіндей емделген; - Ньюкасл ауруы - соңғы 12 ай ішінде елде немесе союға дейінгі аймақтандыруға сәйкес әкімшілік аумақта; - орнитоз (пситтакоз) - шаруашылықта соңғы 6 айда. Күйіс қайыратын малдың протеиндері ХЭБ кодексінде ұсынылған заттарды қоспағанда, жем және жемшөп қоспаларын өндіру үшін пайдаланылмайды. Мал азығын өндіруге арналған шикізат мал союдан алынған және өлгеннен кейін ветеринариялық-санитариялық тексеруден өтуге тиіс. Азық пен жемшөп қоспаларын өндіру кезінде пайдаланылатын шикізат кемінде 133 градус Цельсий (271,4 градус Фаренгейт) температурада кемінде 20 минут бойы 3 бар (42,824 пси) қысымда өңделуі немесе белгіленген микробиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін баламалы термиялық өңдеу жүйесі арқылы өңделуі керек. Азық пен жемшөп қоспаларының құрамында сальмонелла, ботулиндік токсин (ылғалдылығы 14%-дан жоғары консервілер үшін), энтеропатогенді және анаэробты микрофлора болмауы керек. Бактериялардың жалпы саны 1 г-да 500 мың микроорганизмдерден аспауы керек. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қолданатын реттеу шаралары тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес, жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын өнімдерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес, олар әкелуге рұқсатпен және ветеринариялық сертификатпен бірге жүруі тиіс, онда бақылаудағы тауарды айналымға шығарған кәсіпорынның нөмірі және (немесе) атауы көрсетілуі қажет. Қағиданың 3.7-тармағына сәйкес, бақыланатын тауарларды әкелу кезінде және Одақ шегінде бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына тасымалдаудың бүкіл кезеңі ішінде тасымалдау кезінде ветеринариялық сертификаттары болуы тиіс. Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін бақыланатын тауарларға Бірыңғай ветеринариялық сертификаттардың нысандары туралы» шешіміне сәйкес ЕЭК кедендік аумағына ЕЭК кедендік аумағына әкелінетін жануарлардан алынатын жемшөп пен жемшөп қоспаларына ветеринариялық сертификат 35 нысандағы анықтама (қоса беріледі). «Тасымалданатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/647 бұйрығының 6-тармағына сәйкес тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, жеке тұлғалардан заңды өтініш алуға және портал арқылы рұқсат беруге міндетті. қозғалудың күтілетін басталуына дейін тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, тасымалданатын (тасымалданатын) объектілерді әкелу.

    Проект НПА

    «Ауыл және балық шаруашылығы ұйымдарының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 307 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    «Ауыл және балық шаруашылығы ұйымдарының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 307 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    Ақпарат

    уақытша шектеулер мемлекет бойынша

    уақытша шектеулер мемлекет бойынша

    Реестр

    Кеден одағы мемлекет - мүшенің бір аумағынан Кеден одағы мемлекет - мүшенің басқа аумағына тасымалданатын бақылаудағы тауаларын өндіретін, қайта өңдейтін және (немесе) сақтайтын Қазақстан Республикасының мекемелер мен тұлғаларының саны Кеден одағының бүтін РЕЕСТРІ-не кірген

    Кеден одағы мемлекет - мүшенің бір аумағынан Кеден одағы мемлекет - мүшенің басқа аумағына тасымалданатын бақылаудағы тауаларын өндіретін, қайта өңдейтін және (немесе) сақтайтын Қазақстан Республикасының мекемелер мен тұлғаларының саны Кеден одағының бүтін РЕЕСТРІ-не кірген

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.