Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 1-бабына сәйкес, автомобиль жолдарының жөндеуі үш түрге бөлінеді:
Ағымдағы жөндеу — жолдың апатты жағдайларына жол бермеу және жолды қалыпты жағдайда ұстау жұмыстарын қамтиды;
Орташа жөндеу — жол жабындысы мен конструкцияларының ақауларын жоюға бағытталған;
Күрделі (капитальды) жөндеу — жолдың көлік-эксплуатациялық көрсеткіштерін қалпына келтіру және жақсартуды көздейді, құрылымдық элементтерді ауыстыруды қамтиды.
Республикалық «Қызылорда–Жезқазған» автожолын реконструкциялау жұмыстары жалғасуда, Ағымдағы жылға республикалық маңызы бар «Қаражал–Атасу» автожолының (0–28 шқ, құны – 10,4 млрд тг) реконструкциялау. Облыстық маңызы бар «Сәтбаев–Малшыбай–Жошыхан, Домбауыл кесенесі» автожолының құрылысы аяқталуда.