
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында «Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ-нің қызметімен танысты.
Мекеменің жалпы аумағы 863,9 мың гектарды құрайды, оның ішінде 548,4 мың гектары орманмен көмкерілген. Мекеме мемлекеттік орман қоры аумағында ормандарды күзету, қорғау және молықтыру, сондай-ақ жануарлар дүниесін сақтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.
Министрге жүргізіліп жатқан орманды қалпына келтіру жұмыстары, ауданы 20 гектар болатын уақытша орман питомнигінің қызметі, қара сексеуіл тұқымын дайындау және алдағы уақытта орман дақылдарын егу жоспарлары туралы ақпарат ұсынылды.
Мекеменің материалдық-техникалық жарақтандырылуы, орман шаруашылығы және өртке қарсы іс-шараларды жүргізуге қажетті техникалармен және жабдықтармен қамтамасыз етілуі мәселелері таныстырылды.
Сапар қорытындысы бойынша материалдық-техникалық базаны нығайту, орманды қалпына келтіру жұмыстарының сапасын арттыру және мемлекеттік орман қорының сақталуын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.



