Экология министрі жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

    Экология министрі жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

    Бүгін Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді.

    Сапараясында министр облыс әкімі ЕрболҚарашөкеевпен кеңес өткізіп, өңірдің экологиялықахуалы, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару, орман шаруашылығын дамыту және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

    Кеңес барысында Тараз қаласындағы тазарту құрылыстарын салу мәселесіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін арттыру, стихиялық қоқыс үйінділерінің алдын алу және экологиялық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар қаралды.

    Атап айтқанда, өңірде қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарды қолдауға бағытталған «EcoQolday» бағдарламасын кеңейту мәселесі де талқыланды. Қазіргі уақытта бағдарламаға 4 компания қосылған болса, облыста оған қатысуға әлеуетті тағы 25 кәсіпорын бар. Осыған байланысты әкімдікке салалық ұйымдармен бірлесіп бағдарламаны іске асыру жұмыстарын жандандыру және қалдықтарды жинау мен шығару қызметін көрсететін ұйымдарды бағдарламаға тарту тапсырылды.

    Министр орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, орман қорын толықтыру, сексеуіл алқаптарын қалпына келтіру және орман өрттерінің алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берді.

    Сапар қорытындысы бойынша министр өңірдегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру және орман шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстарды жеделдету жөнінде жауапты мемлекеттік органдарға нақты бірқатар тапсырмалар берді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.