Министрдің Жамбыл облысына жұмыс сапары

    Министрдің Жамбыл облысына жұмыс сапары

    Бүгін Министр Жамбыл облысындағы орман шаруашылығы мекемелерінің қызметімен, өртке қарсы іс-шаралардың барысымен, мемлекеттік орман қорын қорғау жағдайымен, сондай-ақ ормандарды молықтыру және материалдық-техникалық базанынығайту жөніндегі жұмыстармен танысты.

    Жамбыл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағында жүргізіліп жатқан өтемдік ағаш отырғызу жұмыстарының барысымен және Байзақ орман питомнигінің қызметімен танысты.

    Байзақ ормандарды және жануарлар дүниесінқорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі жалпы аумағы 221,6 мың гектар аумақта орман ресурстарын күзету, қорғау және молықтыру жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

    Мекеме құрамына Талас және Бескепе орманшылықтары кіреді, ал штатта 77 қызметкер бар. Мекеме аумағында 286 орман пайдаланушы қызметін жүзеге асырады.

    Орманды қалпына келтіру жұмыстарын қамтамасыз ету үшін аумағы 30 гектар питомник жұмыс істейді, онда қарағаш, қарағай, арша және басқа да ағаш-бұта тұқымдарының көшеттері өсіріледі.

    Мекеменің жұмысы орман қорын сақтауға, жануарлар дүниесін қорғауға және Жамбыл облысындағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.