Польша делегациясы Алматының туристік әлеуетін бағалады

    Алматы қаласының әкімдігі·
    Польша делегациясы Алматының туристік әлеуетін бағалады

    Алматыға құрамында LOT әуе компаниясының өкілдері, туроператорлар мен тревел-блогерлер бар Польша делегациясы келді.

    Таныстыру туры аясында қонақтар қаланың ең танымал туристік орындарын аралады. Олардың ішінде атақты Көк базар, аты аңызға айналған «Рахат» фабрикасы, 28 панфиловшы-гвардияшылар саябағы бар. Делегация мүшелеріне әсіресе, Шымбұлақ курорты мен Алматының көркем көрінісі көрінетін Көктөбе саябағы ерекше әсер етті.

    Сапар барысында қазақ мәдениеті мен ұлттық тағамдарға айрықша көңіл бөлінді. Қонақтар ұлттық мейрамханаларға барып, дәстүрлі тағамдардан дәм татып, отандық өндірушілердің өнімдерін көрді.

    Almaty Tourism Bureau ұйымдастыруымен Польша делегациясы жергілікті туроператорлармен кездесті. Тараптар туристік өнімдерін таныстырып, тәжірибе алмасып, іскерлік байланыс орнатты. Сонымен қатар туризм саласындағы әріптестікті кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. LOT әуе компаниясының өкілдері өздерінің ұшу бағыттары мен борттық журналдарын көрсетті.

    Делегация мүшелері Алматының қонақжайлығы мен туристік әлеуетіне жоғары оң баға берді. Варшава мен Алматы арасындағы тікелей әуе рейсінің ашылуы екі ел арасындағы туристердің артуымен қатар, жаңа серіктестік жобаларға жол ашады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.