Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы 90-маусымын аяқтады

    Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы 90-маусымын аяқтады

    Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында академик Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Во имя музыки» атты концерт өтті.

    Кеште филармонияның солистері, халықаралық байқаулардың лауреаттары мен мемлекеттік наградалардың иегерлері өнер көрсетті. Концерт барысында Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың шығармалары, ұлттық әндер мен күйлер, сондай-ақ әлемдік классиканың бірегей туындылары шырқалды.

    Іс-шара аясында көрнекті композитордың өмір жолы, шығармашылығы мен рухани мұрасына арналған көрме ұйымдастырылды.

    «Во имя музыки» концерті филармонияның мерейлі 90-концерттік маусымын қорытындылады.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.