Астанада Керей Жәнібек көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

    Астана қаласының әкімдігі·
    Астанада Керей Жәнібек көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

    Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 13-14 маусым күндері Керей Жәнібек көшесінің Ә. Бөкейхан көшесінен Әл-Фараби даңғылы дейінгі аралығында асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Бұл ретте автокөлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

    Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.