АЛМАТЫДА БАЛАЛАР ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫ ҚҰЗІРЕТТІЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ АРНАЛҒАН БІРЛЕСКЕН КЕҢЕС ӨТТІ

    АЛМАТЫДА БАЛАЛАР ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫ ҚҰЗІРЕТТІЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ АРНАЛҒАН БІРЛЕСКЕН КЕҢЕС ӨТТІ

    Алматы қаласында Балалар инфекциялық аурулары құзыреттілік орталығының қызметіне арналған бірлескен кеңес өтті.

    Кеңеске қатысушыларды Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лайла Имангалиева құттықтап, балаларға инфекциялық аурулар бойынша медициналық көмек көрсету жүйесін одан әрі дамыту мен медициналық ұйымдар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
    Кеңес барысында мамандар вакцинация, мектеп медицинасы мәселелерін талқылап, балалардағы инфекциялық ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алудың заманауи тәсілдерін қарастырды. Сондай-ақ, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, саланы одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.

    Іс-шара балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелерді талқылауға және бірлескен шешімдер қабылдауға мүмкіндік берген маңызды кәсіби алаңға айналды.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.