Астанада балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар өтіп жатыр

    Астана қаласының әкімдігі·
    Астанада балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар өтіп жатыр

    Астана қаласының Алматы ауданында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Прокуратура, төтенше жағдайлар органдары және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері баласы бар отбасыларды аралап, тұрмыстағы қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, ақпараттық жадынамалар таратты.

    Сонымен қатар, көпбалалы отбасылардың үйлеріне терезелердің ашылуын шектейтін арнайы құрылғылар орнатылды. Ата-аналарға москиттік торлардың қорғаныс құралы болмайтыны, балаларды ұстап тұра алмайтыны жөнінде ерекше түсіндіру жүргізілді.

    Астана қаласының прокуратурасы балалар жарақатының алдын алу, жазатайым оқиғаларды болдырмау және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысты жалғастырады.

    #законипорядок #заңментәртіп

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.