Әуезов ауданында кәсіпкерлерге тіл заңнамасын түсіндіру бойынша кездесу өтті

    Әуезов ауданында кәсіпкерлерге тіл заңнамасын түсіндіру бойынша кездесу өтті

    Бүгін Әуезов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Asia Park» ойын-сауық орталығында шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы талаптарын сақтау мәселелері бойынша профилактикалық-түсіндіру жиыны өтті.

    Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін заң талаптарына сәйкес рәсімдеу тәртібін түсіндіру, сондай-ақ кәсіпкерлерге әдістемелік қолдау көрсету.

    Кездесуге «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының Әуезов аудандық өкілі, «Семейный доктор» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі және заңгерлер қатысты.

    Жиын барысында қатысушылардың сұрақтарына нақты түсіндірмелер беріліп, көрнекі ақпаратты орналастыру мен тіл заңнамасының талаптарын сақтау бойынша ұсыныстар айтылды.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.