Әуезов ауданында «Заң мен әділдік» іс-шарасы өтті

    Әуезов ауданында «Заң мен әділдік» іс-шарасы өтті

    Бүгін Әуезов ауданы әкімінің аппараты Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Заң мен әділдік» атты іс-шара өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындарға, әсіресе әлеуметтік осал топтарға құқықтық көмекті қолжетімді ету және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру.

    Іс-шара барысында аудан тұрғындарына Әуезов ауданы мен Алматы қаласының прокуратура және полиция қызметкерлері, адвокаттар мен заңгерлер тегін құқықтық кеңес берді. Азаматтар өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша мамандардан қажетті ақпарат алып, сұрақтарына жауап алды.

    Шара тұрғындар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Мұндай кездесулер халық пен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты нығайтуға бағытталған.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.