
Астанада көше қиылыстарындағы ақаулы асфальт жабындысын ауыстыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік құралдарының қозғалысы уақытша толық жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Шектеулер мына уақыттарда қолданылады:
Ж. Нәжімеденов көшесі/Қ. Қуанышбаев көшесі – 10 маусым сағат 21:00-ден 11 маусым сағат 07:00-ге дейін;
Ж. Нәжімеденов көшесі/Қ. Аманжолов көшесі – 12 маусым сағат 21:00-ден 13 маусым сағат 07:00-ге дейін;
Ж. Нәжімеденов көшесі/С. Нұрмағамбетов көшесі – 13 маусым сағат 21:00-ден 14 маусым сағат 07:00-ге дейін;
С. Нұрмағамбетов көшесі/А. Байтұрсынов көшесі – 14 маусым сағат 21:00-ден 15 маусым сағат 07:00-ге дейін.
Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлау кезінде аталған ақпаратты ескерген жөн.



