Е. Тұяқбаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барады

    Е. Тұяқбаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барады

    2026 жылғы 12 маусымда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барады. Сапар барысында бірінші вице-министр өңір жұртшылығымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды, сондай-ақ маңызды нысандарды аралайды.

    Жұмыс сапары аясында өңір тұрғындарымен әлеуметтік-еңбек саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, олардың түйткілді проблемалары қарастырылатын болады.

    Бірінші вице-министрге жолданған сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ-нің ресми интернет-ресурсы (www.gov.kz), egov.kz электрондық үкімет порталы, «e-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы (suraktar.kz).

    Сонымен қатар төмендегі телефон нөмірлері арқылы да хабарласуға болады: 8 (7172 74 37 23, 74 36 79).

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.