ӘУЕЗОВ АУДАНЫНДА «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТІЛДЕР ТУРАЛЫ» ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

    ӘУЕЗОВ АУДАНЫНДА «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТІЛДЕР ТУРАЛЫ» ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

    Әуезов ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері аудан аумағында орналасқан шағын және орта бизнес нысандарында «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуына мониторинг жүргізді.

    Іс-шара барысында нысандардағы көрнекі ақпараттардың, маңдайшалардың, жарнамалық материалдардың және өзге де мәтіндердің заң талаптарына сәйкестігі тексерілді.

    Мониторинг нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне түсіндіру-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, мемлекеттік тіл туралы заңнама талаптарын сақтау қажеттілігі түсіндірілді.

    Аталған жұмыстар мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге, тіл заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге және тұрғындарға ұсынылатын ақпараттың қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.