
Бүгін бекітілген кестеге сәйкес Әуезов ауданының әкімі Егембердиев Абзал Қуандықұлы кезекті жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік нысандардың қызметі, қоғамдық бастамаларды қолдау және қала аумағын дамытуға қатысты мәселелерді көтерді. Сонымен қатар бірқатар ұсыныстар мен өтініштер айтылды.
Барлық өтініштер мұқият қаралып, соған сай жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Аудан әкімінің жеке қабылдауы апта сайын сейсенбі күндері өткізіледі.
📞 Жазылу нөмірі: 338-45-96



