Жібек жолы ауданында мал жаюға қатысты рейд күшейтілді

    Тараз қаласының әкімдігі·
    Жібек жолы ауданында мал жаюға қатысты рейд күшейтілді

    Қала аумағында тазалықты сақтау және заңсыз қоқыс тастау фактілерінің алдын алу мақсатында тұрмыстық қалдықтар жиналатын алаңдарға жылжымалы бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

    Бүгінде Жібек жолы ауданына қарасты «Алатау» (8) шағын ауданындағы №48 «А» және №40 тұрғын үйлердің маңында, сондай-ақ, Менделеев көшесі 3-бұрылысы, №13 мекенжайларында орналасқан қоқыс алаңдарына бейнебақылау камералары орнатылды.

    Аталған шаралардың негізгі мақсаты – қоқысты белгіленбеген орындарға тастау деректерін анықтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және шаһар тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

    Бейнебақылау арқылы анықталған құқықбұзушылықтар бойынша материалдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құзырлы органдарға жолданып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

    Қала тазалығын қамтамасыз ету бағытындағы бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Шаһар тазалығы – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан тұрғындарды белгіленген талаптарды сақтауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырамыз!

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.