
Әуезов ауданы әкімінің аппараты Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, 2026 жылғы 10 маусымда «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Заң мен әділдік» іс-шарасын өткізуді жоспарлап отыр.
Іс-шараның мақсаты – әрбір азаматқа, әсіресе әлеуметтік осал топтарға заң көмегін қолжетімді ету, сондай-ақ тұрғындардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру.
Осыған байланысты, аудан тұрғындарын Әуезов ауданы мен Алматы қаласының прокуратура және полиция қызметкерлерінен, адвокаттар мен заңгерлерден тегін заңгерлік кеңес алуға шақырамыз.
Өткізу күні: 2026 жылғы 10 маусым
Өткізу уақыты: сағат 15:00
Өткізу орны: «Sputnik» СОО, Әуезов ауданы, Мамыр-1 ықшамаудан, 8 А үй
Анықтама үшін: +7 701 964 35 36 Хусаинов Олжас



