АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА «JASYL CROSS – 2026» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПЛОГГИНГ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА «JASYL CROSS – 2026» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПЛОГГИНГ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    Ақтөбе қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында «Jasyl Cross – 2026» экологиялық плоггинг жарысы өтті.

    Іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау құндылықтарын дәріптеу.

    Экологиялық акцияға 500-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік қызметшілер, жастар ұйымдарының өкілдері, волонтерлер, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының сарбаздары және қоғам белсенділері болды.

    Жарысқа 50 команда қатысып, бір сағат ішінде белгіленген аумақта жүгіріп және жаяу қозғалу арқылы тұрмыстық қалдықтарды жинады.

    Нәтижесінде 1317 қап қоқыс жиналып, 80 тоннадан астам қалдық арнайы орындарға шығарылды.

    Жарыс қорытындысы бойынша:
    • I орын – 73 қап қоқыс;
    • II орын – 55 қап қоқыс;
    • III орын – 52 қап қоқыс жинады.

    Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

    «Jasyl Cross – 2026» – табиғатты қорғау мен тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды экологиялық бастама.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.