«Қазақконцерт» сахнасында би өнерінің даму тарихы көрсетілді

    «Қазақконцерт» сахнасында би өнерінің даму тарихы көрсетілді

    Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында «GULDER» ансамблінің «EXPERIENCE №4: Паванадан қазақ вальсіне дейінгі дәуірлер диалогы» атты концерт-дәрісі өтті.

    Жоба концерт пен танымдық форматты ұштастырып, көрерменге әр кезеңдегі би мәдениетінің қалыптасу тарихы және әр дәуірдің эстетикалық ерекшеліктері таныстырылды.

    Бағдарламада павана, менуэт, полонез, вальс, танго, латино және қазақ вальсі орындалды.

    Жобаның авторлары – «GULDER» ансамблінің бас балетмейстері, халықаралық байқаулардың лауреаты Анвара Садықова мен педагог-хореограф Дана Қуанышбекова. Концерт-дәріске ансамбль әртістері, өнер қайраткерлері, халықаралық байқаулардың лауреаттары, Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері және «SAMGA» квартеті қатысты.

    Кеш барысында ансамбль әртістері көрерменге қазақ вальсіне арналған бағдарлама ұсынып, көпшілікке ерекше әсер қалдырды.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.