АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА «МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ МЕКТЕБІ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІНІҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ ӨТТІ

    АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА «МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ МЕКТЕБІ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІНІҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ ӨТТІ

    Бүгін Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өңірлік жастармен жұмыс істейтін мамандарға арналған дәстүрлі «Мемлекеттік жастар саясаты мектебі» семинар-тренингінің алғашқы күні өтті.

    Семинардың ашылу салтанатында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Гүлісхан Нахбаева мен Ақтөбе облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев құттықтау сөз сөйлеп, жастар саясатын дамытудың өзекті бағыттары мен сала мамандарының кәсіби біліктілігін арттырудың маңыздылығына тоқталды.

    Бағдарламаның алғашқы күні қатысушылар үшін журналист, медиа-менеджер, халықаралық коуч-тренер, Orkenlink.kz бас редакторы Махаббат Есен «Жастарды сүйемелдеу және деректер негізінде шешім қабылдау», сондай-ақ «Өзін-өзі сенімді таныстыру және жас аудиториямен тиімді жұмыс жүргізу» тақырыптарында тренинг өткізді.

    Тренинг барысында жастармен тиімді коммуникация орнату, деректерге негізделген шешім қабылдау, көшбасшылық қабілеттерді дамыту және көпшілік алдында сенімді сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылды.

    Семинар-тренинг алдағы күндері де жалғасып, қатысушылар мемлекеттік жастар саясаты саласындағы заманауи тәсілдермен танысып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.