ҚОБДА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ
№36 ШЕШІМІ
Қобда ауылы 26 қазан 2023 жыл
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сегізінші
сессиясына шақыру туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 10-бабының 2-армағына сәйкес ШЕШТІ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сегізінші сессиясы Қобда ауданы, Астана көшесі №48, әкімшілік ғимаратында 2023 жылғы 30 қазан күні сағат 11-00ге шақырылсын. Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
- Қобда аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы "2023-2025 жылдарға арналған Қобда аудандық бюджетін бекіту туралы" №260 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: М.Н. Құстұртова - аудандық экономика және бюджеттік жоспарау бөлімінің басшысы.
- Басқада мәселелер.
Аудандық мәслихат төрағасы Ж. Ерғалиев