ҚОБДА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ
№ 37 ШЕШІМІ
Қобда ауылы 5 желтоқсан 2023 жыл
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс тоғызыншы
сессиясына шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 10-бабының 2 тармағына сәйкес ШЕШТІ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс тоғызыншы сессиясы Қобда ауданы, Астана көшесі №48, әкімшілік ғимаратында 2023 жылғы 7 желтоқсан күні сағат 11-00 ге шақырылсын.
Сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
- Қобда аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған Қобда аудандық бюджетін бекіту туралы» №260 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: М. Н. Құстұртова - аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
- Басқада мәселелер.
Аудандық мәслихат төрағасы
Ж. Ерғалиев