ҚОБДА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ
№ 40 ШЕШІМІ
Қобда ауылы 1 ақпан 2024 жыл
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс он екінші
сессиясына шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 10-бабының 2 тармағына сәйкес Қобда аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс он екіншісессиясы Қобда ауданы, Астана көшесі №48, әкімшілік ғимаратында 2024 жылғы 2 ақпанға сағат 15-00 ге шақырылсын.
Сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
- Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына орай Қобда ауданының мұқтаж азаматтарының санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы. Хабарламашы: Р.М. Жолдыбаева - Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің басшысы.
- Басқада мәселелер.
Аудандық мәслихат төрағасы
Ж. Ерғалиев