Биыл жетісулықтарға 784,5 мың шаршы метр тұрғын үй беріледі

    Биыл жетісулықтарға 784,5 мың шаршы метр тұрғын үй беріледі

    Баяндамашының айтуынша, «7-20-25» бағдарламасымен екінші деңгейлі банктерге 421 өтініш беріліп, соның 215-і мақұлданған. Банктермен жұмыс жүргізіліп жатыр, несиелеу аумағы кеңейтілді, 245 адамнан тұратын сапалы пул қалыптастырылды, соның 133-і баспананы Талдықорған қаласынан алғысы келеді.

    - Қазіргі кезде бұл іспен бірнеше ауданның әкімі ғана түбегейлі айналысып келеді. Мысалы, Алакөл ауданы 17 жеке тұрғын үй, Көксу ауданы 32 пәтерлі үй мен 10 жеке үй салып жатыр. «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасымен тұрғын үй алғысы келетіндер көп. Бірақ, салынып берілетін үйлер жоқтың қасы. Сондықтан барлық аудан, қала әкімдері тұрғын үй құрылысына білек сыбана кірісуі тиіс. Оған қоса 2%-тік тұрғын үй займдары механизмдерімен жұмыс істейтін «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылды, бұл ретте Алматы облысына 4,6 млрд. теңге бөлінді. Бұл да өте тиімді бағдарлама. Әкімдерге жергілікті жерлерде халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырамын, - деді А. Баталов.

    Сол сияқты көп балалы отбасыларды баспанамен қамту бағдарламасымен пәтер сатып алу баяу жүріп жатқаны сынға алынды. «Үйлердің салынуын күтпей-ақ, дайын үйлерді сатып алып, баспанаға мұқтаж отбасыларды тұрғын үймен қамтысақ деген ойымыз болатын. Қазіргі кезде 492 пәтердің тек 68-і ғана сатып алынды. Қалай осыншалықты баяу, салғырт жұмыс істеуге болады?! Тұрғын үймен қамту мәселесінде ісі өнбеген әкімдерге нақты шара қолданатын боламын!» - деді облыс әкімі.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.