Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы 2025 жылы 14 тамыз күні сағат 15:00-де қала әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында өтеді (4 шағын аудан, №72 ғимарат, 4 қабат 401).
Отырыстың қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
1. Ақтау қаласында алдағы қыс маусымына дайындық жұмыстары туралы. Қаладағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала және энергетика объектілерінің жылыту маусымына дайындығы және тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға ауызсу және жылу берудің жай-күйі туралы.
2. Қала тұрғындарын әлеуметтік маңызды азық-түлікпен, жергілікті көкөніс өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету, бағалардың ҚР Үкіметі бекіткен шекті бағалардан аспауына қоғамдық бақылау орнату туралы.
3. Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы №11/67
«Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін
айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
4. Қалалық мәслихаттың 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №18/118 «2025-2027 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
5. Қалалық мәслихаттың 2025 жылғы 5 қаңтардағы №18/120 «2025-2027 жылдарға арналған Өмірзақ ауылының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
6. Ақтау қаласы қоғамдық кеңесінің құрамынан шығып қалған мүшенің орнына оның өкілеттігінің қалған мерзіміне жаңа мүше қосу туралы.
Төраға ҚК Төраға ҚК