VIII шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының кезекті отыз екінші сессиясы 2026 жылы 14 мамыр күні сағат 12:00-де қалалық қоғамдық ұйымдар ғимаратының мәжіліс залында өтеді (4 шағын аудан, №72 үй, 4 қабат).
Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
1. 2025 жылға арналған Ақтау қаласы бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы.
2. 2025 жылға арналған Өмірзақ ауылы бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы.
3. Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру бойынша атқарушы органдардың жұмысы туралы.
4. 2025 жылы атқарған жұмысы жөніндегі қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының есебі туралы.
5. Қалалық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.
Мәслихат төрағасы С.Т.Закенов Мәслихат төрағасы С.Т.Закенов