Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы 2026 жылғы 3 маусым күні сағат 10:00-де қала әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында өтеді (4 шағын аудан, №72 ғимарат, 4 қабат 401).
Отырыстың қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
1. 2025 жылы Қоғамдық кеңес отырыстарында қабылданған ұсынымдардың іске асырылу барысы туралы
2. Қала әкімігінің көгалдандыру, аумақты абаттандыру, қалалық инфрақұрылым нысандары, жануарларды ұстау және қала тазалығын сақтау жөніндегі жұмысы туралы:
- Қаңғыбас иттерге тұрақты түрде вакцинация жүргізуді қамтамасыз ету және Иттерге арналған питомник салу және мемлекеттік балансқа алу туралы;
- Қаланың тұрмыстық қатты қалдықтарын (ТҚҚ) шығару сапасына және полигон жұмысына мониторинг;
- Қоқыс жәшіктерінің жеткіліктілігі мен санитарлық тазалық сапасын тексеру;
- Теңіз жағалауы мен демалыс аймақтарының тазалығы және қоғамдық дәретханалардың жұмысын бақылау туралы
3. Жастарға арналған бос уақыт орталықтары мен тегін үйірмелердің жұмысы туралы
4. 2025 жылға бюджетке салық түсімдері туралы, оның ішінде бюджетке түспей қалған салық түсімдері туралы ақпаратты қарастыру (көлік салығы, жер салығы)
5. Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің қалған мерзіміне оның құрамынан шығып қалған мүшенің орнына жаңа мүшені қосу туралы.
Өтетін орны: 4 ш/а, қала әкімдігінің ғимараты, 4 қабат/каб.401.
ҚК төрағасы С. Карипов