Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы 19 маусым күні сағат 10:00-де қала әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында өтеді (4 шағын аудан, №72 ғимарат, 4 қабат 401).
Отырыстың қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
1. Қала ішіндегі құрылыс нысандарының, тұрғын үйлердің қаланың Бас жоспарына сәйкес, мақсатқа сай салынып, пайдалануға берілуі, олардың сапасы туралы. Жеңілдетілген шарттармен несиеге салынатын тұрғын үйлердің құрылысын үйлестіру және тұрғындарға қолжетімділігін қамтамасыз ету.
2. Зейнеткерлік жастағы азаматтарға қолайлы жағдайлар жасау туралы: зейнеткерлер үшін кездесулер, жиналыстар, спорттық-сауықтыру және мәдени-танымдық іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлар; қызығушылықтары бойынша үйірмелер мен клубтар; зейнеткерлік жастағы азаматтарға арналған сабақтар мен оқыту жұмыстарын жүргізу үшін жаттықтырушылар мен нұсқаушыларды тарту.
3. «Халық қатысатын бюджет» жобаларының іске асырылу барысы туралы
4. Қоғамдық қабылдаудың сапалы жұмысын қамтамасыз ету және азаматтардың өтініштерін қарау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.
5. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы «Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы №1073 қаулысына өгерістермен толықтырулар енгізу туралы».
6. Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің 2025 жылғы 28 ақпандағы №1/3 «Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің комиссияларын құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
6. Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің 25.12.2025 жылғы №11/5 «Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Өтетін орны: 4 ш/а, қала әкімдігінің ғимараты, 4 қабат/каб.401.
ҚК төрағасы С. Карипов