Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы 2026 жылғы 21 сәуір күні сағат 15:00-де қала әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында өтеді (4 шағын аудан, №72 ғимарат, 4 қабат 401).
Отырыстың қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
1. Қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымның жай-күйін талдау туралы (пандустар, лифтілер, арнайы жабдықталған дәретханалар)
2. «Ақтау қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 сәуірдегі №12/76 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
3. Ақтау қаласы әкімінің 2019 жылғы 27 ақпандағы №1 «Ақтау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
4. «Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің 25.12.2025 жылғы №11/5 «Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Өтетін орны: 4 ш/а, қала әкімдігінің ғимараты, 4 қабат/каб.401.
ҚК төрағасы С. Карипов