
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысымен бекітілген кестеге сәйкес 08.09.2025 жылы сағат 15:00-де (instagram) «ЖРВИ, тұмаудың алдын алу. Эпидемиологиялық маусым алдындағы іс-шаралар» тақырыбында тікелей эфир өткізу жоспарлануда.
Тiкелей эфирге Департамент басшысының орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықова қатысады.
Сіздерді осы тікелей эфирге белсенді қатысып, сұрақтарыңызды қойып және Департаменттің қызметі туралы хабардар болуға шақырамыз.