
2025 жылғы 22 қазанда Ұлытау облысы әкімдігінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібінде балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты маңызды мәселелер қаралды.
Негізгі назар қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған немесе арнайы оқу орындарынан қайтқан кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру, тұрмыстық жайғастыру және әлеуметтік көмек көрсету мәселелеріне аударылды.
Сонымен қатар, қатысушылар ерте жүктіліктің алдын алу және кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қолсұғушылық қылмыстарын болдырмау шараларын талқылады.
Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы профилактикалық шараларды жүзеге асыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.