
Департамент тарапынан мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында лицензия алу талаптары, құжаттарды рәсімдеу тәртібі, материалдық-техникалық базаға қойылатын талаптар және жиі кездесетін сұрақтар бойынша жан-жақты түсіндірмелер берілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар ұсынылды.