Ақпараттық-түсіндіру жұмысы

    Орган
    control-ulytau
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Ақпараттық-түсіндіру жұмысы
    ДругоеАяқталды

    Ұлытау облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан кәмелетке толмаған балалардың міндетті орта білім алу құқықтарын сақтау мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Ақпараттық-түсіндіру жұмысына Сәтбаев қаласының білім бөлімінің сектор меңгерушісі К. Омарова, №7 ЖББМ директоры Д. Оспанов, №7 ЖББМ директор меңгерушісі Ж. Ахметова қатысты.

    Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде 127 және 409-баптардың талаптары түсіндіріліп, ата-аналардың (заңды өкілдердің) жауапкершілігі атап өтілді.

    Государственный контроль в сфере образования

    Ұқсас материалдар

    ДругоеАяқталды

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫ

    2026 жылғы 17 сәуірде Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы өткізілді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі – Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы О. Жолшыбек департамент қызметкерлеріне мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын сақтау, қызмет алушылардың құқықтарын қамтамасыз ету және олардың бұзылуына жол бермеу мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірме берді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында туындайтын негізгі талаптар, анықталған бұзушылықтар және оларға қатысты қолданылатын шаралар талқыланды. Ерекше назар рұқсат беру құжаттары мен электрондық цифрлық қолтаңбаларды үшінші тұлғаларға беруге жол бермеу және осы бағыттағы заңнамалық жауапкершілікке аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар берілді.

    17 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    2026 жылдың 19 наурыз күні Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің жоспарлы бірінші отырысы өтті.

    Отырыс барысында кеңес мүшелерінің құрамына өзгерістер енгізіліп, 2026 жылға арналған күн тәртібі бекітілді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында педагогикалық әдеп нормаларын сақтау бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері қаралып, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен материалдар мен шағымдар талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша педагогикалық әдеп нормаларын сақтау, бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ білім беру ұйымдарында қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды күшейту жөнінде нақты міндеттер айқындалды.

    31 наурыз 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Жезқазған қаласында педагогикалық ұжымдармен маңызды кездесулер өтті

    Бүгін Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің жоспарына сәйкес Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі мен Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінде педагогикалық ұжыммен және кеңес мүшелерімен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесу барысында педагогтердің құқықтары мен міндеттері жан-жақты түсіндіріліп, педагогикалық әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Педагогтердің пікірлері тыңдалып, қойылған сұрақтарына нақты жауаптар берілді. Сонымен қатар, педагогикалық әдеп нормаларын сақтауда кемшіліктер орын алған жағдайлар бойынша ашық диалог алаңы ұйымдастырылып, өзекті мәселелер талқыланды. Аталған кездесулер ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға, педагогтердің кәсіби мәдениетін арттыруға және педагогикалық әдеп нормаларын нығайтуға бағытталды.

    19 наурыз 2026 ж.Тікелей
    Круглый столАяқталды

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409, 127 және 127-1 баптары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді

    Бүгін Ұлытау облысының колледж директорлары және тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарларымен Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409, 127 және 127-1 баптары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді. Атап айтқанда, білім беру саласындағы заң талаптарын сақтау, ата-аналардың міндеттері, педагогтердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы әрекеттер туралы уақтылы хабарлау міндеттері және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды. Кездесу барысында қатысушыларға әкімшілік іс қозғау тәртібі, қажетті дәлелдемелерді жинақтау және білім беру ұйымдарының жауапкершілігі туралы толық ақпарат берілді.

    13 наурыз 2026 ж.Тікелей
    Круглый столАяқталды

    Департамент қызметкерлерінің арасында қызметтен тыс уақыттағы әдеп стандарттарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта жалпыға ортақ моральдық-әдеп нормаларын сақтау, қызмет алу кезінде лауазымдық жағдайын пайдаланбау және қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермеу қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар әрбір мемлекеттік қызметші өз мәртебесі мен жауапкершілігін сезіне отырып, әдеп талаптарын сақтауы тиіс екендігі атап өтілді.

    13 наурыз 2026 ж.Тікелей
    КонференцияАяқталды

    Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

    Департамент тарапынан мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында лицензия алу талаптары, құжаттарды рәсімдеу тәртібі, материалдық-техникалық базаға қойылатын талаптар және жиі кездесетін сұрақтар бойынша жан-жақты түсіндірмелер берілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар ұсынылды.

    11 ақпан 2026 ж.Тікелей
    ДругоеАяқталды

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес Келешек мектептері аясында мониторинг жүргізілді

    Жезқазған қаласының білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебінде өткен іс-шараға Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің , білім басқармасы мен білім бөлімінің мамандары, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілі және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілдері қатысты. Мониторинг барысында мектепішілік бақылау жүйесі, «Адал азамат» бағдарламасының іске асырылуы, санитарлық жағдай, оқушылардың оқулықтармен және көркем әдебиетпен қамтылуы, педагог кадрлармен қамтылу деңгейі, сондай-ақ педагогтердің біліктілігін арттыру курстарынан өтуі жан-жақты қарастырылды. Іс-шара қорытындысы бойынша білім беру сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар берілді.

    21 қаңтар 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Ұлытау облысы әкімдігінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

    2025 жылғы 22 қазанда Ұлытау облысы әкімдігінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Күн тәртібінде балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты маңызды мәселелер қаралды. Негізгі назар қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған немесе арнайы оқу орындарынан қайтқан кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру, тұрмыстық жайғастыру және әлеуметтік көмек көрсету мәселелеріне аударылды. Сонымен қатар, қатысушылар ерте жүктіліктің алдын алу және кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қолсұғушылық қылмыстарын болдырмау шараларын талқылады. Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы профилактикалық шараларды жүзеге асыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

    31 қазан 2025 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.