
Отырыс барысында кеңес мүшелерінің құрамына өзгерістер енгізіліп, 2026 жылға арналған күн тәртібі бекітілді.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында педагогикалық әдеп нормаларын сақтау бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері қаралып, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен материалдар мен шағымдар талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша педагогикалық әдеп нормаларын сақтау, бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ білім беру ұйымдарында қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды күшейту жөнінде нақты міндеттер айқындалды.