
2026 жылғы 17 сәуірде Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы өткізілді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі – Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы О. Жолшыбек департамент қызметкерлеріне мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын сақтау, қызмет алушылардың құқықтарын қамтамасыз ету және олардың бұзылуына жол бермеу мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірме берді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында туындайтын негізгі талаптар, анықталған бұзушылықтар және оларға қатысты қолданылатын шаралар талқыланды. Ерекше назар рұқсат беру құжаттары мен электрондық цифрлық қолтаңбаларды үшінші тұлғаларға беруге жол бермеу және осы бағыттағы заңнамалық жауапкершілікке аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар берілді.