
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысымен бекітілген кестеге сәйкес 07.11.2025 жылы сағат 10:00-де (instagram), 16:00-да (facebook) «Патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуге режимдік комиссияның рұқсат құжаттарын алу тәртібі» тақырыбында тікелей эфир өткізу жоспарлануда.
Тiкелей эфирге Департаменттің ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы Бөлегенова Динара Бектұрсынқызы қатысады.
Сіздерді осы тікелей эфирге белсенді қатысып, сұрақтарыңызды қойып және Департаменттің қызметі туралы хабардар болуға шақырамыз.