
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысымен бекітілген кестеге сәйкес 25.11.2025 жылы сағат 12:00-де (instagram), 16:00-де (facebook) «Органикалық өнім туралы не білуіміз қажет?» тақырыбында тікелей эфир өткізу жоспарлануда.
Тiкелей эфирге Департаменттің техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы Назира Камалбаевна Смагулова қатысады.
Сіздерді осы тікелей эфирге белсенді қатысып, сұрақтарыңызды қойып және Департаменттің қызметі туралы хабардар болуға шақырамыз.