
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысымен бекітілген кестеге сәйкес 11.12.2025 жылы сағат 11:00-де (instagram), 16:00-де (facebook) «Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау» ақпараттық жүйесі» тақырыбында тікелей эфир өткізу жоспарлануда.
Тiкелей эфирге Департаменттің тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімінің басшысы Абылайхан Жолдасбекұлы Үмбеталиев қатысады.
Сіздерді осы тікелей эфирге белсенді қатысып, сұрақтарыңызды қойып және Департаменттің қызметі туралы хабардар болуға шақырамыз.