Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы 2025 жылы 22 желтоқсан күні сағат 10:00-де қала әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында өтеді (4 шағын аудан, №72 ғимарат, 4 қабат 401).
Отырыстың қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
1. 2026-2028 жылдарға арналған Ақтау қаласы бюджетінің жобасы туралы
2. 2026-2028 жылдарға арналған Өмірзақ ауылы бюджетінің жобасы туралы
3. Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы №11/64 «Ақтау қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы» шешімінің күшін жою туралы»
4. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы
5. 2026 жылға арналған Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспары туралы.
Өтетін орны: 4 ш/а, қала әкімдігінің ғимараты, 4 қабат/каб.401.
ҚК төрағасы С. Карипов