Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы 2026 жылғы 18 наурыз күні сағат 10:00-де қала әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында өтеді (4 шағын аудан, №72 ғимарат, 4 қабат, мәжіліс залы).
Отырыстың қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
1. «Қалалық мәслихаттың 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №28/172 «2026-2028 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Қалалық емханалар мен ауруханаларда халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және кадрмен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.
3. Қала мектептерінің жағдайы мен оларды дамыту болашағы туралы:
- Мектеп оқушылары арасындағы буллингтің алдын алу және ата-аналар комитеттерінің тиімділігін арттыру мәселесі туралы.
4. 2025 жылы Қоғамдық кеңес отырыстарында қабылданған ұсынымдардың іске асырылу барысы туралы.
Өтетін орны: 4 ш/а, қала әкімдігінің ғимараты, 4 қабат/каб. 401.
ҚК төрағасы С. Карипов