Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - ҚР КК) 41-бабының 2-тармағына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығы нысандарында болуы мүмкін:
1) кәсіпкерлік қызмет ортақ бірлескен меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы;
2) өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығы;
3) бірлескен қызмет туралы шарт негізінде ортақ үлестік меншік базасында жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы нысандарында болуы мүмкін.
Шаруа немесе фермер қожалығы басшысының қайтыс болуына байланысты субсидиялау шарттарындағы қарыз алушыларды ауыстыру туралы мәселені шаруа немесе фермер қожалығының нысанына байланысты қарауға болады.
ҚР КК 41-бабы 2-тармағының 1 және 3) тармақшаларына сәйкес бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған шаруа немесе фермер қожалығы бірнеше мүшеден тұрады.
ҚР АК 46-бабының 1-тармағына және ҚР АК 224-бабының 1-тармағына сәйкес шаруа қожалығының мүлкі, егер оның мүшелерінің арасындағы шартта өзгеше белгіленбесе, оларға бірлескен меншік құқығымен тиесілі болады.
Бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығының мүлкі оның мүшелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады.
ҚР ПК 42-бабының 1-тармағында он сегіз жасқа толған, әрекетке қабілетті Қазақстан Республикасының азаматы, шаруа немесе фермер қожалығының басшысы бола алады деп көрсетілген.
Бұл ретте, PK Кодексінің 43-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығының басшысы ауысқан жағдайда, оның мүшелері бұл туралы шаруашылықты тіркеген органдарға жалпы өтінішпен хабарлайды.
Осылайша, егер шаруа немесе фермер қожалығын бірнеше мүше құрса, онда шаруа немесе фермер қожалығының басшысын оның мүшелері сайлайды.
Демек, шаруа немесе фермер қожалығының басшысы қайтыс болған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері өзара келісім бойынша шаруа немесе фермер қожалығының басқа мүшесін шаруа немесе фермер қожалығының басшысы деп тануы мүмкін.
ҚР КК 43-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығының басшысы жеке және заңды тұлғалармен қатынастарда оның мүдделерін білдіреді, ҚР заңдарында тыйым салынбаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асырады.
Осыған байланысты, шаруа немесе фермер қожалығының жаңа басшысы ҚР заңдарында тыйым салынбаған кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы басшысының қайтыс болуына байланысты қарыз алушыны ауыстыру бөлігінде жоғарыда көрсетілген қағидалар шеңберінде субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюға құқылы.
«Соттардың мұрагерлік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы № 5 нормативтік қаулысының 29-тармағында егер шаруа немесе фермер қожалығын құру туралы шартта осындай қожалық мүшелеріне мұрагерлерді қабылдау көзделсе, онда шаруа немесе фермер қожалығы жалпы жиналысы мүшелерінің келісімімен осындай қожалықтың қайтыс болған мүшесінің мұрагері мұрагерлік үлесінің шегінде мүшелікке қабылдануы мүмкін деп көрсетілген.
Шаруа немесе фермер қожалығының мүлкі осындай қожалық қызметі тоқтатылған жағдайда ғана мұрагерлер арасында бөлінуі мүмкін.
ҚР КК 41-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес фермерлік шаруашылықты бір тұлға құра алады. Бұл жағдайда бұл адам фермер қожалығының жалғыз мүшесі және оның басшысы болып табылады.
ҚР АК 46-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - ҚР АК) 224-бабының 1-тармағына сәйкес бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығының мүлкі оның мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі болады.
Шаруашылықтың басшысы мен жалғыз мүшесі қайтыс болған жағдайда, мұрагер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұра қабылдағаннан кейін субсидиялау шартында қарыз алушыны ауыстыру жүзеге асырылуы мүмкін.
1082-бапқа сәйкес шаруа немесе фермер қожалығының мүшесі қайтыс болған жағдайда мұра жалпы ережелер бойынша ашылады.
Бұл ретте, мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтар мен міндеттер кіреді (PK АК 1040-бабының 1-тармағы).
Мұра ашылу күнінен бастап алты ай ішінде мұра қабылдануы мүмкін (ҚР АК 1072-2-Б.1-т.).
Мұрагерлікке құқық туралы куәлік мұра ашылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін беріледі. Өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлік кезінде, егер нотариуста куәлік берілуін сұраған адамдардан басқа тиісті мүлікке не бүкіл мұраға қатысты басқа мұрагерлер туралы анық деректер болмаса, куәлік аталған мерзім өткенге дейін де берілуі мүмкін (ҚР АК 1073-бабының 2-тармағы).
Осылайша, ҚР АК 1040 п 1038 нормаларына сәйкес қайтыс болған азаматтан басқа адамдарға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері ауысады.
Бұл ретте, қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер ҚР АК 6-бөлімінің ережелерiнен өзгеше туындамаса, бiрыңғай тұтас нәрсе ретiнде және бiр-ақ мезгiлде ауысады.
ҚР АК 1072-бабының 4-тармағында қабылданған мұра, оны iс жүзiнде қабылдаған уақытқа қарамастан, сондай-ақ мұрагердiң мұраға қалдырған мүлiкке құқығы мемлекеттiк тiркелуге тиiстi болғанда, мұндай құқықтың мемлекеттiк тiркелген кезiне қарамастан, мұраның ашылған күнiнен бастап мұрагерге тиесiлi деп танылады..
ҚР АК 1042 - бабының 2-тармағына сәйкес мұра қалдырушының қайтыс болған күнi, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi күшiне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.