Дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне байланысты азамат 6 ай ішінде біржолғы әлеуметтік көмекке өтініш қалдыра алады.
Біржолғы әлеуметтік көмекті алу үшін дүлей апат салдарынан зардап шеккен азамат уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне келіп немесе мемлекеттік корпорация порталына электрондық түрде өтініш қалдыруы тиіс.
(ww.egov.kz)
Дүлей апат салдарынан зардап шеккен азаматтар төмендегі құжаттармен өтініш қалдыра алады:
1. жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін)
2. өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акті және/немесе құжатты ұсынады.
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан сенімхат бойынша уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне немесе мемлекеттік корпорацияға нысан бойынша жазбаша өтінішпен немесе нысан бойынша порталға электрондық түрдегі өтінішпен жүгінеді.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттары тіркелген күннен бастап 8 жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындысы негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады, егер:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болғанда әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту жүзеге асырылады;
4) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқылы.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспегенде, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінуге құқылы.
Сілтеме НҚА:
Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығы.