Қоғамдық көлікте қаулымен бекітілген санаттағы адамдар жеңілдікпен және тегін жүре алады.
Қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тегін жол жүру Орал қаласының келесі санаттағы жолаушыларына белгіленсін: 1) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге; 2) 1988-1989 жылдары Чернобыль AЭC-сындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күнiнде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдарға; 3) бірінші топ мүгедектігі бар адамдарға; 4) 7 (жеті) жасқа дейінгі балалар; 5) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар. 2. Қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тариф құнының 50 (елу) пайызы көлемінде жеңілдетілген Орал қаласының келесі санаттағы жолаушыларына белгіленсін: 1) Мектеп тарифі – 7 (жеті) жастан 18 (он сегіз) жасқа дейінгі балалар тарифтің 50 (елу) пайызы мөлшерінде жол жүру құқығы немесе қолма-қол ақшасыз төлем кезінде 50 (елу) теңге, қолма-қол есеп айырысу үшін 100 (жүз) теңге; 2) Мүгедектігі бар адамдарды ертіп жүргендерге– тарифтің 50 (елу) пайызы немесе қолма-қол ақшасыз төлем кезінде 50 (елу) теңгені, қолма-қол есеп айырысу үшін 100 (жүз) теңгемен жол жүру құқығына ие болу; 3) зейнеткерлер үшін – қолма-қол ақшасыз төлем кезінде тарифтің 50 (елу) пайызы немесе 50 (елу) теңге мөлшерінде жол жүру құқығы, қолма-қол есеп айырысу үшін 100 (жүз) теңге; 4) Есту қабілеті нашар мүгедектігі бар адамдар үшін – қолма-қол ақшасыз төлем кезінде 50 (елу) пайызы немесе 50 (елу) теңге, қолма-қол есеп айырысу үшін 100 (жүз) теңге;Стандартты карта-тариф 100 теңге. «Зейнеткерлер үшін» төлемдік картасының бағасы-800 тг. Зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге беріледі,картамен жүру ақысы 50тг. Сатып алу үшін зейнет кітапшасы жəне жеке куəлігі болуы қажет. «Оқушы» төлемдік картасының бағасы-800 тг. 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға картамен жүру ақысы 50тг. Сатып алу үшін баланың туу туралы куəлігі болуы қажет. 1 топ мүгедектеріне келесі құжаттарды тапсыру қажет: •Жеке куəлік; •Мүгедектік туралы анықтама; •ЖДБ (жеке даму бағдарламасы); •Қазак соқырлар қоғамы мүшеснің куəлігі. 16 жасқа дейінгі мугедек балаларға: • Туу туралы куəлік; • Мүгедектік туралы анықтама. Ұлы Отан Соғысы ардагерлері үшін: • Жеке куəлік; • Соғыс ардагері екенін растайтын құжат. Марапатталған көпбалалы аналарға: • жеке куəлік; • марапатты (орденді) растаушы құжат. |
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 2780 және Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 8-8 бірлескен қаулысы мен шешімі
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/G22ZA002780