Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосу үшін кәсіпорынның кеңсесіне онда ең жақын қосылу нүктесі көрсетілген техникалық шарттарды алу үшін өтініш беру керек.Су құбырын төсеу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізгеннен кейін Теңгерімдік тиесілілікті ажырату мен пайдалану жауапкершілігі актісін құру үшін техникалық құжаттаманы тапсыру керек.
Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосу үшін кәсіпорынның кеңсесіне онда ең жақын қосылу нүктесі көрсетілген техникалық шарттарды алу үшін өтініш беру керек.Су құбырын төсеу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізгеннен кейін Теңгерімдік тиесілілікті ажырату мен пайдалану жауапкершілігі актісін құру үшін техникалық құжаттаманы тапсыру керек.Өтініш беруші (Тапсырыс беруші) осы техникалық шарттардың қолданыс мерзімі ішінде, оларды алған сәттен бастап барлық коммуналдық қызметтермен ( "Қазақтелеком" АҚ, "Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы" АҚ, "ТрансГазАймақ" АҚ, "Жайықжылуқуат» АҚ, «Батыс су арнасы» ЖШС, «Jusan mobile» ЖШС, «Билайн» ЖШС, ТУСМ-14 (арнайы байланыс), «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» (Абаттандыру бөлімі) нысанның сумен жабдықтау жобасын әзірлеуі және келісуі тиіс.
Өтініш беруші (Тапсырыс беруші) жоғарыда аталған міндеттемелерді белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, техникалық шарттар бір жақты тәртіппен жойылды деп есептеледі және талаптар қабылданбайды.
Су құбыры желілерін жобалау және салу кезінде герметикалық «А» класты созылмалы-бекіткіш темір арқау қолданылсын.
Болат құбырлар үшін электр химиялық қорғаныс, коррозияға қарсы жабын, «өте күшейтілген» гидро оқшаулау үлгісі қарастырылсын. Полимер құбырлар үшін ауыз су талаптарына сәйкестендірілген 18599-2001 МСТ-ға сәйкес материал және құбырларды төсеуді полиэтилен құбырларды жобалау және монтаждау бойынша нұсқауына сәйкес қарастырылсын, металл өткізгіші бар «су құбыры» дабыл (детекциялық) таспасын төсеу қарастырылсын.
Су құбырын төсеу бойынша орындалған жұмыстарды куәландыру үшін «Батыс су арнасы» ЖШС пайдалану қызметіне ұсынсын. Құрылысы аяқталған нысанның су құбыры желілеріне қосылуы келісілген сумен жабдықтау жүйелерінің техникалық дайындығы туралы актінің негізінде жүргізіледі.
Су құбыры желілерінің құрылысын жобалау мен орындау жеке жер пайдалануда орналасқан аумақтарда болған жағдайда жер телімі иесінен алдын-ала (нотариалды расталған) келісім алу қажет.
1:500 масштабында тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің сыртқы желілері мен құрылыстары орындау түсірімі электронды және қағаз таратушыларда орындалсын.
Орындау түсірімі «Мемқалақұрылысыкадастр» РМК тіркелсін.
Нысан құрылысының аяқталуы бойынша оны пайдалануға іске қосуға дейін, желілер мен құрылыстарды техникалық комиссиға тапсыруға ұсынсын.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары"
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900019242